Қазақстанның Ұлыбритания мен Норвегиядағы Елшілері тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ұлыбритания мен Норвегиядағы Елшілері тағайындалды

17.09.2014
Қазақстанның Ұлыбритания мен Норвегиядағы Елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қайрат  Әбусейітов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Асқар Сағиұлы Тәжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу