Қазақстанның Мексикадағы елшісі тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Мексикадағы елшісі тағайындалды

10.08.2015
Қазақстанның Мексикадағы елшісі тағайындалды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаған Kapital.kz хабарлайды.  
«Елбасының Жарлығымен Елемесов Андриан Копмағамбетұлы Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы  Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Италиядағы, қосымша атқарып келген Мальта, Сан-Марино Республикаларының  Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.   

Андриан Елемесов 1963 жылдың 10 шілдесінде дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген. Сонымен қатар, ол ҚР Төтенше және өкілетті елшілері мен ҚР СІМ жанындағы құрылымдық бөлімшелерінің курсын бітірген.  

Хабарламаларға жазылу