Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі Елшілері тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі Елшілері тағайындалды

17.03.2015
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі Елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды  және ол Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды  және ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу