Елбасы Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілерін тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілерін тағайындады

11.05.2016
Елбасы Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Швейцария, Нидерланд, Польша және Сингапурдегі Төтенше және өкілетті Елшілері тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі қызметінен босатылды;

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі болып;

Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды»,  - делінген хабарламада.

 

Хабарламаларға жазылу