Құлақтың ауруына не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлақтың ауруына не себеп?

13.09.2014
Құлақтың ауруына не себеп?

Бүгінде құлағы ауыратын, туабітті есту қабілеті нашар балалар көптеп кездесетінін дәрігерлер жасырмайды. Олардың көбі дер кезінде дәрігерге қаралып, нақты диагнозын қойдырып, ем-домын алуды кейінге қалдыра беретіні өкінішті. Құлақ та адамның басқа мүшелері сияқты барынша мұқият назар аударуды қажет ететін ағзаның бірі.

Құлақ естуінің нашарлауы түрлі жағдайдан болуы мүмкін. Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қалып, қиналады.

Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттанса, евстахиев түтігі қабынуының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындайды, дыбыс өткізгіштік бұзылады.

Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады, құлақ көмескі естиді.

Құлақ аурулары туралы толығырақ бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу