Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жақын арада Қазақстан мұнай өндірісін жылына 100 млн тоннаға жеткізеді. Мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы осылай деді. Президент саланың ел экономикасы үшін маңызына тоқталып, еңбегімен көзге түскен бір топ азаматты марапаттады.
Қазақстанда мұнай-газ саласында 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егемендік алғалы бері еліміздегі өндіріс 4 есе өскен. Жақын арада жылына 100 млн тонна қара алтын шығару жоспарда бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл сала еліміздің өсіп-өркендеуіне айрықша ықпал етті. Тәуелсіздік жылдары қара алтынның игілігін молынан көрдік. Қазіргі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі саналады.Иә өндіріс қарқыны қуантады. Ендігі маңызды міндет – сол шикізатты өз елімізде өңдеп, кәдеге жарата білу. Бұл бағытқа қазір мемлекет айрықша басымдық беріп отыр. Индустриялық жобалар қолға алынып, мұнай-химия кластерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда.Танбай Наушиев газ саласында 46 жыл жұмыс істеген. Қарапайым қызметкерден ұлттық газ компаниясының Президентіне дейін өсті. Саланың қазіргі дамуы өте қарқынды әрі дұрыс бағытта деп бағалайды.
Таңбай Наушиев, еңбек ардагері:
Жыл сайын өсіп жатқан газды тұтынушылардың саны биылғы жылы 62,4 процентке жетті. Алға қарай да бұл өсе береді. Сондықтан газ өндірісі еліміз үшін өте маңызды. Бұған тиісті көңіл бөлініп отыр. Қазір керек мамандармен толықтырылуда. Инвестициялар тартылып жатыр.Ал Саламат Күншығаров мұнайшылар династиясының өкілі. Мұнай – ел экономикасының күретамыры ғана емес, біздің әулеттің де тіршілігіне тірек болған сала. Біз үшін бұл кәсіп – нәпақа табу ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өмір жолы, - дейді ол.
Саламат Күншығаров, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС машинисі:
Әкем, анам ол кісілер де осы Атырау мұнай өңдеу зауытында 40 жылдың үстінде жұмыс істеді. Анам 30 жылдай. Сол зауытта 40 жылдың үстінде еңбек етіп жатырмын. Қазіргі уақытта жолдасым істейді. Үлкен ұлым істейді. Оған да 7-8 жыл болып жатыр. Жолдасыма да 25-30 жылдай болып қалды.
Мұнай-газ саласында күн өткен сайын жұмыс тәсілі де технология да жаңарып, жаңғырып жатыр. Бұл көштен қалмай, өндіріске жасанды интелектінің игілігін енгізу де маңызды деді Президент.
Мәрия Бейсембергенова, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының машинисі:
Алғашқы жұмысқа кірген жылдары өте қиын болды. Ол кезде техниканың дамымаған уақыты. 18 жасымда жұмысқа кірдім. Енді қазір мекемеміз шүкір жақсы. Техниканың дамыған заманы. Барлығы компьютермен. Жұмысымыз қиын емес.
Сөз соңында қоғамдағы еңбек адамының ерекше орнына тоқталған Президент еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
