«Осындай жарыстар халықаралық спортты дамытудың көпірі ретінде және Достастық елдері арасындағы байланысты және де «спорттың әскери-қолданбалы түрі оның ішінде табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын нығайтуға мүмкіндік жасайды»,-деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.
Үш күн бойы Қырғыз Республикасы, Ресей және Қазақстан Қарулы күштерінен келген әскери-спортшылар табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша сайыспақ.
Чемпионаттың мақсаты достастықты нығайту және Достастық елдері арасында әскери қызметшілер дене тәрбиесін, спорттың бұқаралылығын арттыру, дене дайындығын және моральді-психологиялық тұрақтылығын күшейту болып табылады.
Фото: mod.gov.kz