Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты

12.09.2014
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков актив жиынын өткізіп, кадрлық ауыс-түйіс туралы айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Жанар Бекбанова өз өтініші бойынша облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің Өкімімен бұл қызметке Әбішев Жандос Ақылсерікұлы тағайындалды. Ол облыстағы әлеуметтік сала және ішкі саясат, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбекпен қамтылуы мәселелеріне жауапты болады», делінген хабарламада.

Әбішев Жандос Ақылсерікұлы 1973 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. Қарағанды педагогикалық институтын, «Фемида» заң институтын, Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы - дене тәрбиесінің мұғалімі, заңгер, қаржы бакалавры. Еңбек жолын 1994 жылы Қазақ тұтыну одағы институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы болып қызмет етті. 2013 жылдың тамызынан жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

Фото: inform.kz

Хабарламаларға жазылу