Туындысына шеге қолданбай жасайтын шебер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туындысына шеге қолданбай жасайтын шебер

10.09.2014
Туындысына шеге қолданбай жасайтын шебер

Ерік Қадралин – ағаш шебері. Ол жұмыстан бос уақытында ағаш оюмен айналысады. Бүгінде 40-тың қырқасына шыққан жігіт ағасының қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс та жоғары.

«Мен негізі әртүрлі қызметте істедім. Қандай жұмыс істесем де,  осы кәсіпті тастаған емеспін. Мұның да өз қиындықтары бар. Басында кішігірім дүниелерді жасайтынмын. Біртіндеп жұмысым ұлғая бастады»,-дейді шебер.

Бала кезінен жаңалық ашуға құмар болған Еріктің кез-келген бұйымы сапалы. Қолдануға да өте ыңғайлы. Ол жасаған дүниесіне шеге қолданбай, қиюластырады. Сырт көрінісіне өте үлкен мән береді.

Шебердің ерекше туындыларымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу