Аршадан домбыра жасайтын шебер – Аман Сәдуақасов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аршадан домбыра жасайтын шебер – Аман Сәдуақасов

06.04.2015
Аршадан домбыра жасайтын шебер – Аман Сәдуақасов

Атадан балаға аманат болған кәсіпті абыроймен алып келе жатқан азамат аршадан домбыра жасайтын Арқадағы жалғыз шебер. Ол кезінде қазақтың талай дауылпаз күйшісіне домбыра жасаған.

Көптеген жез таңдай әншілер де бүгінде Аман ағамыздың қолынан шыққан аспаппен ән шырқап жүр. Аман Сәдуақасов 5 жасынан домбыра тартып, ән шырқаған. «Киелі өнер әкемнен дарыды», - дейді ол.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу