Ерік Әлжанов жеңіс биігінен көріне алмады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерік Әлжанов жеңіс биігінен көріне алмады (ВИДЕО)

22.02.2014
Ерік Әлжанов жеңіс биігінен көріне алмады (ВИДЕО)
«Астана арландарының» бас бапкері Сергей Корчинский 75 келі салмақтағы үздігіміз Сергей Деревянченкоға  демалыс берді. Бұған дейінгі жекпе-жектерін өте жоғары деңгейде өткізіп келген Деревянченко енді плей-офф бәсекесіне бір-ақ шығады.
 
Бұл жолы оның орнын Ерік Әлжанов басты. Польша командасымен өткен кездесуде Әлжанов қатысқан болатын. Алайда, жерлесіміз өзінің тырнақалды жекпе-жегін сәтсіз өткізген. Бүгінгі жекпе-жекте ол кубалық боксшы Луис Рамонмен жұдырықтасып, ұпай санымен ұтылды.

Хабарламаларға жазылу