Құны 2,2 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаны шағын қалаларды дамыту және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары шеңберінде «Вершина» ЖШС іске асырды. Зауыттың өнімділігі жобалық қуатында жылына 36 миллион дана кірпішті құрайды. 110 жұмыс орны құрылды, зауыт толық іске қосылғанда жұмыскерлер саны 140 адамға дейін ұлғаяды.
Құрылыс материалы жергілікті нарыққа, көрші Ресейге шығарылады. Оның бір данасының бағасы 33-35 теңге көлемінде болмақ, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.