Түркістанда инновациялық жобалар сәтімен жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда инновациялық жобалар сәтімен жүзеге асырылуда

04.09.2015
Түркістанда инновациялық жобалар сәтімен жүзеге асырылуда

Оның ішінде ион алмастыру смола өнімі, шыныпластикалық арматура, күн сәулесінен баламалы энергия өндіретін панель, соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын жобаларға рұқсат берілген.

Осы орайда қазынадан бөлінген 850 млн. теңге жұмсалып құрылған индустриалды аймағы алдағы жылдары айналымы 10 млрд. теңгені құрайтын өндіріс алаңына айналмақ. Әзірге, индустриялды аймақта 5 жобаның құрылыс жұмыстары басталған.

Жыл соңына дейін 2 кірпіш зауыты және 1 шыныпластикалық арматура шығаратын өндіріс орны іске қосылмақ.

Бүгінде осы жобалардың арасынан бір кірпіш зауыты жұмысын бастаған. Түркістан қаласының аумағында толық жұмыс істеп тұрған жылына 22 млн. дана кірпіш шығаратын екі өндіріс бар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу