Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір өтеді

02.07.2014
Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір өтеді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел аймақтарында бірқатар жобалар іске қосылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Аталмыш мекеменің мәліметінше,  Мемлекет басшысы  Астанада «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портты және Семейдегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр беру желілерін салуға «онлайн» режимінде рұқсат береді. Сондай-ақ,  тікелей эфирде басқа да  жаңа нысандар пайдалануға беріледі.

  1. Бұрғылау қашауларын (PDC-қашауларын) шығару, «Жігермұнайсервис» ЖШС, Атырау (Индустрияландыру картасы жобасы).
  2. Химиялық реагенттерді шығару жөніндегі зауыт, «Talas Investment company» ЖШС, Жамбыл облысы, Қаратау (Индустрияландыру картасы жобасы).
  3. Шар крандарын және жапқыш арматураны дайындау жөніндегі зауыт, «Бёмер арматура» ЖШС («Сарыарка» АЭА), Қарағанды облысы (Индустрияландыру картасы жобасы).
  4. Цемент зауыты, «КаспийЦемент» ЖШС, Маңғыстау, Шетпе (Индустрияландыру картасы жобасы).
  5. Энергетикалық қазандық жабдығын шығару, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы (Индустрияландыру картасы жобасы).
  6. Қостанай қаласы үй құрылысы комбинаты, «Қостанай МБИ» ЖШС  (Индустрияландыру картасы жобасы).
  7. Шарпрокат орнағын шығару, «KSP Steel» ЖШС, Павлодар облысы (Индустрияландыру картасы жобасы)
  8. Қоспажем зауыты, «Agrotrading-2007» ЖШС, Көкшетау қаласы (Индустрияландыру картасы жобасы).

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында индустрияландыру картасы шеберінде 21 жоба пайдалануға берілді. 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ал екінші жартыжылдықта шамамен 100 жоба пайдалануға беріліп, 8 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.

 

Хабарламаларға жазылу