Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

22.09.2014
Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында  жаңа көпір пайдалануға берілді.

Көпірдің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  Сондай-ақ, Парламент депуттаттары мен Еңбек ардагерлері  шақырылды.

Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалған.

Осы уақытқа дейін 13 елді мекеннің  20 мыңнан астам  тұрғыны  аудан орталығына қатынау үшін 180 шақырым жолды айналып өтетін.

Сырдария ауданында жұмыс сапарымен жүрген облыс әкімі  сонымен қатар, Ақжарма ауылына барып, күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандармен танысты.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу