«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтті

09.09.2014
«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтті

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау туралы Жарлығына орай ұйымдастырылған  «Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтті.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, Астана  қалалық маслихатының депутаты Ақылбек Күрішбаев және Қазақстан халқы Ассамблея  мүшелері  қатысты.

Шара барысында сөз алған университет ректоры Ақылбек Күрішбаев оқу ордасында 29 ұлыс өкілі оқитын 10 мың студент пен 20 ұлыс өкілі қызмет ететінін тілге тиек етті.

«Бүгінде ғылыми-зерттеу университетіне қадам басқан оқу орны тек қана білім мен ғылымның ордасы ғана емес, тәрбиелі ұрпақтың мекеніне айналды. Татулық пен бірлікті насихаттайтын «Достық» клубы кеңейіп, енді ол «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы», деп аталады. Бұл кафедра келешекте Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз жұмыс істейді деп сенемін»,-деді ол.

Хабарламаларға жазылу