Серік Елеуов Қарағанды бокс мектебін басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Елеуов Қарағанды бокс мектебін басқарады

09.09.2014
Серік Елеуов Қарағанды бокс мектебін басқарады

Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов Қарағандыдағы бокс мектебінің директоры атанды.

«Жақында мені балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры етіп тағайындады. Ұсыныс түскенде бірден келісім бердім. Өйткені, өмірімнің 20 жылын спортқа арнаған адаммын. Әлі күнге дейін спортпен өмір сүремін. Бұл менің жүрегіме жақын. Сүйікті жұмысыма кіріскеніме бірнеше күн болды», - дейді Серік Елеуов.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Серік Елеуов ІІМ жүйесінде қызмет етіп, «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкерлерін жаттықтырған болатын. Бүгінде оның майор атағы бар.

ҚазАқпарат

Фото: confederation.kz

Хабарламаларға жазылу