Астанада Ғарифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына орай концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ғарифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына орай концерт өтеді

09.12.2014
Астанада Ғарифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына орай концерт өтеді

10 желтоқсанда «Астана» сурет галереясында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына орай «Әнімен елін тербеген» атты концерт өтеді. Шарада Ғарифолла Құрманғалиев туралы шағын бейнекөрініс көрсетіліп, Батыс Қазақстан облысының танымал әншілері Қатимолла Бердіғалиев пен Сәуле Таудаева ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, батыс өңірінің әншілік мектебінің өкілдері  Серік Әбдірахманов, Армат Исламғалиев, Ернар Өмірәлі, Данияр Елеуов, Лаура Мұхамеджановалар қатысады.

«Концертте негізінен Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндері шырқалады», - дейді Ғарифолла Құрманғалиев  атындағы Батыс Қазақстан облыстық филормониясының көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиев.

Хабарламаларға жазылу