Серік Қонақбаев АIBA-ның вице-президенті қызметіне сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Қонақбаев АIBA-ның вице-президенті қызметіне сайланды

14.11.2014
Серік Қонақбаев  АIBA-ның вице-президенті қызметіне сайланды

Қазақстан бокс қауымдастығының вице-президенті Серік Қонақбаев АIBA-ның вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті қызметіне сайланды.

Кеңеске 198 ұлттық федерация өкілдері қатысты.

Серік Қонақбаев – ХХII Жазғы Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 1979, 1981 жж. Еуропа чемпионы, 1982 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Кеңес одағының үш дүркін чемпионы, Кеңес одағының еңбек сіңірген спорт шебері.

2010 жылдан бері  Қазақстан бокс қауымдастығының вице-президенті қызметінде.

Хабарламаларға жазылу