Түркия елшілігі балаларға арналған мерекелік кеш ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия елшілігі балаларға арналған мерекелік кеш ұйымдастырады

15.04.2016
Түркия елшілігі балаларға арналған  мерекелік  кеш ұйымдастырады
Түркия елшілігі балаларға арналған  мерекелік  кеш ұйымдастырады

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі «Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шара ұйымдастырады. Бұл мерекелік кеш «Қазақстан тәуелсіздігінің және түрік-қазақ бауырластығының 25 жылдығы» деген тақырыпта өтеді.

Атаған шараны ұйымдастыруға Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы атсалысып отыр.

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі - Түркия Республикасының ұлттық мейрамдарының бірі. Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік тарапынан әлемдегі барлық балаларға тарту етілген аталған мереке -дүниежүзінде тойланған алғашқы балалар мерекесі. Соңғы жылдарда 23 сәуір мерекесіне байланысты ұйымдастырылған фестивалдерге шетелден де балалар қатыса бастады.

2016 жылғы 23 сәуірде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтетін «Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шара аясында сурет салу мен шығарма жазудан жарыс, әртүрлі ойындар мен би қойылымдары жоспарланып отыр.

Сурет салу мен шығарма жазу жарысына қатысу үшін жұмыс ұсыну үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде аяқталады. Жарыс қорытындысы бойынша барлық категорияда бірінші орынға Notebook, екінші орынға iPad пен үшінші орынға фотоаппарат беріледі. Жүлделі орындардан тыс ынталандыру сыйлықтары да тапсырылады.

Жарысқа қатысу шарттары бойынша 7-10 және 11-14 жастағы балалар өз өнерлерін көрсете алады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу