Оқушылар арасында шығарма жазудан конкурс жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар арасында шығарма жазудан конкурс жарияланады

09.06.2014
Оқушылар арасында шығарма жазудан конкурс жарияланады
II Дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына орай мектеп және басқа да оқу орындары оқушыларының арасында тақырыпқа сай республикалық патриоттық шығарма жазудан конкурс жарияланады.
 
Конкурс 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Материалдар 2014 жылдың 31 желтоқсанында сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Ал конкурс қорытындысы 2015 жылдың наурыз айында белгілі болады.
 
Шараны ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы жәнеЮНЕСКО орталығы.
 
Қазылар алқасы құрамында танымал журналистер мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушылары, қоғам қайраткерлері бар. Сарапшылар 2015 жылдың наурыз айында үздіктерді анықтайды.
 
Оқушылардың шығармалары конкурс талаптарына сай келуі тиіс. Яғни, 1941-1945 жылдар аралығындағы қазақстандықтардың өмірінен алынған мысалдар негізіндегі жастардың патриоттық тәрбиесі.
 
Қазақ және орыс тілінде жазылған үздік шығармаларға сертификат беріледі.
 
Айта кету керек, қазылар алқасы тапсырылған материал жөнінде есеп, рецензия бермейді. Сондай-ақ, конкурсқа жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
 
Шығарманы безендіру үлгісі:
Байғабылова Нұрай
10 сынып, №26 гиназия, Жезқазған қаласы
Қарағанды облысы
Жетекшісі: Чиркина Валентина Ивановна
E-mail:__________
 
Әрі қарай шығарманың өзі.
 

Хабарламаларға жазылу