Таразда VIII Республикалық пән Олимпиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда VIII Республикалық пән Олимпиадасы басталды

07.04.2016
Таразда VIII Республикалық пән Олимпиадасы басталды

Бұл туралы ТарМПИ баспасөз қызметі хабарлады.

Студенттердің тарих, қазақ тілі мен әдебиеті және музыка ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, олардың ғылыми-зерттеу дағдысын дамыту және шығармашылық белсенділігін арттырып, ерекше қабілетті студенттерді іріктеу және қолдау көрсетуге бағытталған білім додасына еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының жоғары оқу орындарынан келген 35 команда бақтарыын сынауда.

Студенттер арасындағы республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оған қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша ғылыми жобаларды қорғап, шығарма жазудан және музыкалық туындыларды орындаудан сынға түссе, екінші кезеңде викториналық сұрақтарға жауап беріп білімдерін сынамақ. Оларға белгілі ғалымдар мен білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы баға береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық Олимпиада студенттердің білімдерін шыңдап қана қоймай, республикамыздың жоғары оқу орындарындағы тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мен музыка мамандықтары бойынша білім мониторингін жасауға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу