Оңтүстік Қазақстан облысында «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтеді

25.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтеді

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтетін бұл байқаудың мақсаты -жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, ұлттық рухта тәрбиелейтін патриоттық әндерді насихаттау және облыстан шыққан композиторлардың патриоттық әндерін халық арасында кеңінен дәріптеп, жас таланттарға қолдау көрсету болып табылады.

Байқауға 16 - 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысады. Аталған конкурс 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде - республикамызға белгілі композиторлардың әні шырқалса, екінші кезеңде облыстан шыққан композиторлардың патриоттық тақырыптағы әндері орындалады.

Сондай-ақ, әр қатысушының орындайтын әндеріне байланысты ұсынған бейнебаяны да назарға алынады. Бүгінгі таңда облыстың аудан, қалаларынан 36 әнші және 26 жергілікті композиторлар байқауға қатысуға тапсырыс берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. «Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы 2016 жылғы 26 наурыз күні, сағат 11.00-де облыстық орыс драма театрында өтеді.

Хабарламаларға жазылу