Головкин мен Рубио жекпе-жегін тұрып тамашалайтын орындарға билеттер сатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Рубио жекпе-жегін тұрып тамашалайтын орындарға билеттер сатылмақ

13.09.2014
Головкин мен Рубио жекпе-жегін тұрып тамашалайтын орындарға билеттер сатылмақ

IBO және WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің қазірге дейін билеттердің 75 пайызы сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар жекпе-жекті тұрып тамашалайтын орындарға қосымша билет сатуды жоспарлауда.

«Екі апта ішінде біз билеттердің 75 пайызын сатып үлгердік. Бұл Головкиннің Батыс елдерде аса танымал болып үлгергенін көрсетеді. Жанкүйерлердің сұранысын қанағаттандыру және жекпе-жекті тұрып көретін жанкүйерлерге арнайы орындарға билет сатамыз. Олар жақын арада сатылымға шығады. Билеттердің бағасы 27 долларды болады», -  дейді Головкиннің менеджері Том Леффер

Ал, жекпе-жектің билеттері 210, 105 және 53 доллардан сатылуда. Еске салсақ, Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы былғары қолғап бәсекесі 18 қазанда Лос-Анджелесте өтеді.

ҚазАқпарт

Хабарламаларға жазылу