Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

07.09.2014
Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша өкіл имам Нариман Исеновтің айтуынша, мешіттің ішкі келбетін өзгерту шешімі қасиетті Рамазан айында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауызашар кезінде мәлім болған.

Құрылысшылар мешіттің 46 метрлік күмбезінің ішкі қасбетін толығымен ұлттық ою-нақыштармен әрлеп, Неке бөлмесін арнайы жоба бойынша әшекейлемек.

Дешті Қыпшақ өңірінің сәулет үлгісі бойынша салынған орталық мешіт 2001 жылы ашылған. Нысан «Әлемдегі ең үздік 10 мешіт» мәртебесіне ие.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу