Астанада «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесері өтті

26.09.2023

Астанада «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Жиынға этнографтың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар қатысты. Жиналғандар фольклортанушының қазақ тарихындағы және руханияттағы орнын жас ұрпаққа жеткізу жолдарын талқылап, ойшылдың ғылыми және этнографиялық еңбегі, егемендік пен ұлт азаттығы жолындағы қызметі туралы айтты. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан.

Абай Шарапиев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі:

Мәшһүр ағамыздың өмір жолы әлі зерттеліп жатыр ғой. Ал бұл кісінің батагөйлігі, емшілігі кішкене зерттелмей, кешеуілдеп шығып жатыр. Сондықтан мен бұл кісінің көзін көріп, батасын алған ақсақалдардың басын қосып, 2000-жылдардан бастап қағазға түртіп жүрдім. Соны басып, жарыққа шығарып отырмын.


Хабарламаларға жазылу