Павлодар облысының имамдары біліктілігін арттыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының имамдары біліктілігін арттыруда

02.02.2016
Павлодар облысының имамдары біліктілігін арттыруда

Павлодар облысында 18 елді мекеннің бас имамдары мен наиб имамдары біліктігін арттыру курстарына қатысуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің және ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы хабарлады. Үш күндік оқыту-семинар ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы аясында қолға алынған.

«Орталық мешіт тарапынан барлық қала, аудан және ауыл имам-молдаларына арнап үш күндік оқыту-семинарларының кестесі жасалды. Сабақтар ақпан айының басынан басталып, мамыр айына дейін Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және Қашыр, Ақтоғай, Шарбақты ауданы орталықтарында жүргізілетін болады. Семинарда Құран Кәрім, тәжуид, ақида, фиқһ пәндері қайта пысықталады. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы дінімізге қатысты әртүрлі тақырыптарда пікір алмасулар, діни іс-қағаздарды жүргізу, БАҚ-пен жұмыс жасау туралы да арнайы сабақтар өткізіледі. Оқыту-семинар сабақтарын облысымыздағы білікті имамдар мен дінтанушылар жүргізеді», - дейді А. Тойшыбайұлы. Айта кетерлігі, семинар қалалық «Ақмешіт» мешітінде ақпан айының бірі күні өз жұмысын бастады.

 

Хабарламаларға жазылу