Павлодарда дәстүрлі Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда дәстүрлі Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары өтті

06.10.2015
Павлодарда дәстүрлі Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары өтті

Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған Мәшһүр Жүсіп оқуларына 31 үміткер қатысты, деп хабарлайды Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы хабарлады.

«Конкурсқа Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп, лицей мұғалімдері мен оқушылары, балабақша тәрбиешілері қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Жаңажол орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сүйіндік Перизат иеленді. Екінші орынды Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған №3 қазақ гимназия мектебінің 10-сынып оқушысы Қабдолла Диана жүлделесе, үшінші орынға Иновациялық Еуразия университетінің екінші курс студенті Дария Досмағамбетова қанжығасына байлады», - деді А. Тойшыбайұлы.

Сонымен қатар  дарынынмен ерекше көзге түскен бір топ қатысушыға Мәшһүр Жүсіп мешітінің арнайы сыйлығы табыс етілді.

pavlodarnews.kz.

Хабарламаларға жазылу