Ақтауда 14 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 14 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

13.06.2022

Ақтауда тұрғын үйлердің жеделсатылары жаңартылуда. Ол үшін бюджеттен 190 млн теңгеден астамге қаржы бөлінді. Қазір жөндеу жұмыстары 14 үйде жүріп жатыр. Су жаңа жеделсатылар қала бойынша 8 шағын аудандағы көтергін құрылғысы істен шыққан көп қабатты тұрғын үйлерге орнатылады. Құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған мердігер мекеме жүзеге асыруда.

Айта кетейік, былтыр да Ақтауда 15 тұрғын үйдің жеделсатысы жаңартылды.

 Роза Айытова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Қайта салу  уақытында лифті болмай бұзылып қалды. Сонда жаяу көтерілдік. Қорлық көрдік. Енді қиын болғасын тұратын үйің болғасын көтерілесің. Қазір Аллаға шүкір әйтеуір лифті салып жүріп жатыр. Міне екіншісін істеп жатыр, соған рахмет.  

Хабарламаларға жазылу