Алматыда спортшыларды XVII Жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда спортшыларды XVII Жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанаты өтеді

05.09.2014
Алматыда спортшыларды XVII Жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанаты өтеді

12 қыркүйек күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.  

Сондай-ақ, Қазақстан спортшыларын 2014 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанаты болады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Шығарып салу барысында Қазақстанның ресми делегациясының ту ұстаушысына Туды тапсыру, спортшының Антын қабылдау рәсімдері өтпек.

Хабарламаларға жазылу