«KAZsport» телеарнасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын көрсетеді

02.09.2014
«KAZsport» телеарнасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының  іріктеу кезеңіндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын көрсетеді

Қазақстан Ұлттық құрамасының Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі барлық ойындарды жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады.

4-ші қыркүйек күні сағат 20:15-те «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен Қазақстан мен Франция жастар құрамасының ойынын тамашалай аласыздар. Ал, бұл мачтың қайталауын сағат 00:35-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көруге болады.

Сонымен қатар, 5-ші қыркүйк күні сағат сағат 19:00-де Қазақстан мен Қырғыз елінің құрамаларының арасындағы жолдастық кездесуін және 9-шы қыркүйек күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясындағы Латвияға қарсы өтетін ойынды екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді. Бұл ойын 22:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу турнирінде Латвиядан бөлек Нидерланд, Чехия, Түркия және Исландия құрамаларымен бір топқа түсті.

Хабарламаларға жазылу