«KAZsport» телеарнасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарын көрсетуге арналған баспасөз мәслихаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарын көрсетуге арналған баспасөз мәслихаты өтті

04.09.2014
«KAZsport» телеарнасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарын көрсетуге арналған баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін «Қазмедиа орталығында» «KAZsport» телеарнасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарын көрсетуге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының басшысы Нұржан Мұхамеджанова, ҚР Футбол федерациясының бірінші вице-президенті-бас хатшысы Аллен Шайжүнісов, «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп қатысты.

Сөз кезегін алған Диас Ахметшәріп: «Қазақстан Ұлттық құрамасының «Еуро-2016» іріктеу кезеңіндегі барлық ойынды жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады», - деді.

Сонымен қатар, радио арқылы да тікелей эфирде хабар таратылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы «Еуро-2016» іріктеу турнирінде Нидерланд, Чехия, Түркия, Латвия және Исландия құрамаларымен бір топқа түсті. Алғашқы ойын, 9-шы қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында Латвия құрамасымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу