Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының 2 ширек финалын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының 2 ширек финалын тікелей эфирде көрсетеді

08.02.2016
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының 2 ширек финалын тікелей эфирде көрсетеді

Сербия астанасы Белградта футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды. Плей-офф кезеңінің алғашқы күні алаң иелері Сербия құрамасы Украина, ал Испания Португалия командасымен кездеседі.

Бұл екі матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін тікелей эфирде көрсетеді. Арнамыздан Астана уақытымен сағат 23:20-да Сербия – Украина ойынын тамашалай аласыздар. Матч қайталауын ертең, 9 ақпанда, 18:50-де «Kazsport» телеарнасы көрсетеді.

Сонымен қатар, 2-ші ширек финалда ойнайтын Португалия – Испания матчын Ұлттық арнадан бүгін сағат 01:50-де көре аласыздар. Кездесуді ертең, 9 ақпанда, «Kazsport» сағат 20:30-да қайталайды.

Айта кетейік, футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалына Қазақстан Ұлттық құрамасы да шықты. Еліміздің футзалшылары ертең, 9 ақпанда, Италия құрамасымен ойнайды. Матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу