Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан-Нидерланд ойынын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан-Нидерланд ойынын тікелей эфирде көрсетеді

09.10.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан-Нидерланд ойынын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының EURO 2016  іріктеу турниріндегі Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.

2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матч 10 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өтпек. Трансляцияның басталу уақыты – 21.40.

Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші алдағы матч жайлы ойларын ортаға салады.

Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы кездесуін Ұлттық құрамамыз 13 қазан күні қонақта, Латвия футболшыларына қарсы өткізеді. Аталған матчтың трансляциясы Астана уақытымен 00.30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу