1 қыркүйекте күн күркіреп, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қыркүйекте күн күркіреп, тұман түседі

01.09.2014
1 қыркүйекте күн күркіреп, тұман түседі

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

«Кей жерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерде күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі», - делінген хабарламада.  

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде күн күркіреп, түнде және таңертең - тұман түсуі күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде күшті ыстық болады.

Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерінде, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу