«Сарыарқа» әуежайында жас спортшыларды туыстары мен достары, спорт қауымдастықтарының өкілдері мен балалар спорт мектептерінің тәрбиеленушілері салтанатпен қарсы алды.
«Менің кумирім - әрине, жерлесім, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол да, мен де Абай бокс мектебінің тәрбиеленушілеріміз. Жұдырықтасу мәнеріміз де ұқсас деп ойлаймын. Сондықтан, оның жеткен жеткен жетістігіне жетуге бар күшімді салатын боламын, өйткені, бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Тек соған дайын болуың қажет», - дейді Абылайхан Жүсіпов.
Оның айтуынша, жеңіске жетуіне жақсы дайындық, психологиялық пәрмен және жанкүйерлік қолдау сеп болды.
Жас боксшы егер де осындай тұрақты жаттығуды жалғастыра берсе, ересектер олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты.
1 қыркүйекте чемпионның ЖОО-дағы оқуы басталады. 17 жастағы спортшы Абай қаласындағы мектепті тәмамдап, Қарағанды экономикалық университетіне «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түскен болатын.
Айта кетейік, Нанкинде (Қытай) өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қазақстандық жас спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медель ұтып алды.