«Манчестер Юнайтед» Ди Марияның трансфері үшін 75 миллион еуро төлеуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Юнайтед» Ди Марияның трансфері үшін 75 миллион еуро төлеуге дайын

25.08.2014
«Манчестер Юнайтед» Ди Марияның трансфері үшін 75 миллион еуро төлеуге дайын

Аргентина құрамасы мен «Реал Мадрид» клубының  жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін.

Шетелдік баслымдардың хабарлауынша Ди Марияның трансферлік құны 75 миллион еуроны (60 миллион фунт) құрап отыр. Осыған дейін «ПСЖ» клубы да Ди Марияға ұсыныспен шыққан болатын. Бірақ, париждік клуб «Реал Мадрид» клубымен келісімге келе алмады.

Естеріңізге сала кетейік, мадридтік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти Ди Мария клубқа қажет емес деген болатын. Анхель Ди Мария «Реал Мадрид» сапына 2012 жылы қосылған еді. Ол 66 ойында алаңғы шығып, 13 гол соққан.

Хабарламаларға жазылу