«HeadHunter:Қазақстан» қызметтер компаниясы 300 мыңға жуық түйіндемеге сараптама жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«HeadHunter:Қазақстан» қызметтер компаниясы 300 мыңға жуық түйіндемеге сараптама жасады

24.08.2014
«HeadHunter:Қазақстан» қызметтер компаниясы  300 мыңға жуық түйіндемеге сараптама жасады

«HeadHunter:Қазақстан» қызметтер компаниясы  300 мыңға жуық түйіндемеге сараптама жасау арқылы әйелдер мен ерлердің сала бойынша қызығушылықтарын анықтады.

Нәтижесінде, ерлер арасындағы кәсіптің көшін сауда-саттық бастап тұр. 2014 жылдың басынан бері әрбір 8-ші  түйіндеме осы бағытқа жолданып отырған.

Жұмыс іздеуші 10 азаматтың тек 1-еуі ғана ақпараттық технология саласын таңдаса, 8,1 пайызы транспорттық салаға қызығушылық танытқан.

Сараптама нәтижесі бойынша, қазақстандық ерлердің кәсіби көшінің бестігін  өндіріс пен құрылыс саласы құрайтыны анықталды.  

Ал, жұмыс іздеуші әйелдердің әрбір бесіншісі есепші қызметін таңдаған.  Әрбір оныншы әйел сауда-саттық саласында жұмыс істеуді ұйғарған.

Әйелдер арасында кәсіптің үздік бестігін  әкімшілік басқару, банк, қызметкерлерді басқару саласы құрайды.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу