Жыл соңына дейін 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

27.10.2020

«Еңбек» және Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарламалардың қалай іске асып жатқаны Үкімет отырысында талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жыл соңына дейін тағы 300 мыңдай адамның жұмыс табуына көмектеспек.

Біржан Нұрымбетов жол картасын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз шамасында ұстап тұруға мүмкіндік бергенін айтады. Бағдарламаның әлеуметтік және экономикалық тиімділігін атап өткен Премьер-Министр келесі жылға да жол картасын әзірлеуді тапсырды. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Жұмыспен қамтудың жол картасы қазақстандықтардың көбіне жұмысы мен табысын сақтауға септігін тигізді. Әлеуметтік экономикалық тиімділігін көрсетті. Әкімдіктер жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жандандырсын. 

Досжан Маратұлы

Еңбек бағдарламасы Жұмыспен қамтудың жол картасы жұмыссыздық Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу