Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын үздік жоба таңдалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын үздік жоба таңдалды

23.08.2014
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын үздік жоба таңдалды

Ақтөбе облыстық әкімдігінде «Үздік әлеуметтік жоба» конкурсының нәтижесі шығарылды. Шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырып отыр.

Конкурсқа жергілікті мекемелердің 8 жобасы қатысты. Бірінші орынды «Парасатты өмір» атты Ақтөбенің мүгедек жандарын қолдау қоғамы алды. Олардың жобасы мүгедектер арбасын құрайтын цех құруға бағытталған.

Екінші орында «Қамқорлық» облыстық қоғамның Алғы филиалының жобасы. Үшінші орында Қазақстан саңыраулар қоғамының «Поющие руки» Ақтөбе филиалының жобасы алды.

Барлық жеңімпаз бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Ал «Парасатты өмір» жобасы республикалық деңгейдегі конкурсқа қатысады.

Хабарламаларға жазылу