Қостанайдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын «Үміт» қоғамдық қорының жұмысы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын «Үміт» қоғамдық қорының жұмысы жанданды

08.04.2015
Қостанайдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтын «Үміт» қоғамдық қорының жұмысы жанданды

Сонымен қатар, осы жерде оңалту орталығы да жұмыс істейді. Орталыққа күніне 50 ден астам адам келіп емдеу-сауықтыруға арналған арнайы жаттығулар жасайды. Оларға білікті мамандар жетекшілік етеді.

Дегенмен мұқтаж жандарды көбірек тартып, жұмыс ауқымын кеңейте түсуге ғимарат тарлық етеді. Әрі оны қор жалға алған.

Сондықтан кемтар жандарға ыңғайлы, әрі жеке ғимарат қажет. Мұнда арнайы келген аймақ басшысына қор жетекшілері осы өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі көп ұзатпай бұл мәселені шешуге уәде берді.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу