Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған жаңа жоба іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған жаңа жоба іске қосылады

29.04.2019

Қазақстанда ақыл-есінің кемістігі бар адамдардың қоғамда өмір сүруі қиын болып отыр. Кәмелет жасына дейін өз бетінше өмір сүріп үйренгенімен, бәсекелестік ортаға төтеп бере алмайды. Үнемі қасында қамқоршысы болуы керек. Сондықтан ондай адамдарды көбіне арнайы мекемелерге табыстайды.

Осы ретте мамандар арнайы жоба ұсынып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жанды жекеменшік пәтерге орналастырады. Қамқоршысы тек қажет кезінде барып көмек көрсетеді. Тіпті, маңызды шешімдерді өз еркімен қабылдауға мүмкіндік жасалмақ. Мұндай тәсіл - әлемнің көптеген елдерінде пайдаланылып та жүр.

Андрей Царев, Дамуында кедергілері бар адамдарға жүйелі көмек көрсету федералды ресурстық орталығының директоры (Ресей):

- Бұл адамдар, өкінішке қарай, қоғамнан бөлініп қалған. Оларды қатарға қайта қосу бойынша біздің көпжылдық тәжірибеміз бар. Сонымен бөліскелі отырмыз. Жоба ойдағыдай жүзеге асса, бірқатар мәселелердің шешілетіні анық.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу