Көкшетауда «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады

06.10.2014
Көкшетауда «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады

Ертең Көкшетауда 2014 жылы Ақмола облысында жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ашылады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Шара мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда көрмеге қатысу үшін 9 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Үміт жолы» жобасы бар. Жобаның мақсаты - қоғамдық өмірге мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту, оларды оқыту мен жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

«Сен жалғыз емессің» жобасы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мақсаты - салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау.

Хабарламаларға жазылу