Алматыда Ермек Серкебаевқа арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ермек Серкебаевқа арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтеді

21.08.2014
Алматыда Ермек Серкебаевқа  арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтеді

22 тамызда Алматыда әйгілі опералық және камералық әнші,  КСРО-ның  Халық әртісі Ермек Серкебаевқа  арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі  өтеді.

Шараға  қала әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ,  зиялы қауым  өкілдері мен әншінің туған-туыстары қатысады.

Мемориалды тақта опера әртісі тұрған үйдің (Бөгенбай батыр көшесі, 136) қабырғасына орнатылады.

Біздің анықтама:

Ермек Серкебаев 1926 жылы 4 шілдеде Қызылжар қаласында туған. КСРО-ның Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), қоғам қайраткері.

1941-1943 жж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. 1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын тәмамдаған.

Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, «Абай»; С.Мұхамеджанов, «Айсұлу»), Петруччио (В.Шебалин, «Укрощение строптивой»), Фигаро (Дж.Россини, «Севильский цирюльник») бар.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. 2000 жылы «Музыка» номинациясы бойынша «Тарлан» сыйлығын жеңіп алды . Еңбек Қызыл Ту,  «Отан»,  екі мәрте «Ленин» орденімен және медалдармен марапатталған

Хабарламаларға жазылу