Бас басылымға ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас басылымға ескерткіш тақта орнатылды

13.11.2019

Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. 

Кезінде редакция орналасқан үйге қойылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына ақын-жазушылар мен ардагер журналистер қатысты. Ең алғаш 1919 жылы «Ұшқын» болып шыққан мерзімді басылымның атауы осы күнге дейін 5 рет ауысқан. 

Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сынды Алаш арыстары басқарған басылымда қазір 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Бауыржан Жақсымбет 

Хабарламаларға жазылу