Алматыда сатирик Оспанхан Әубәкіров тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сатирик Оспанхан Әубәкіров тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылады

26.06.2015
Алматыда сатирик Оспанхан Әубәкіров тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылады

Бүгін Алматыда сатирик, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері Оспанхан Әубәкіровтің құрметіне орнатылатын ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Шараға Астана және Алматы қалаларынан зиялы қауым өкілдері, Оспанхан Әубакіровтің әріптестері мен туған-туысқандары қатысады.

Айта кетейік, ескерткіш тақта қаламгер тұрған үйге орнатылмақ.  

 

Біздің анықтама:

Оспанхан Әубәкіров – 1934 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.

1954 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. 1960 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік филармониясында, одан кейін республикалық газеттерде, 1971-1976 жылдары «Ара» журналында қызмет еткен.

Сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен  айналысқан. 

Хабарламаларға жазылу