Алматыда Хайдар Арыстанбековтің құрметіне мемориалды тақта орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Хайдар Арыстанбековтің құрметіне мемориалды тақта орнатылады

20.10.2014
Алматыда Хайдар Арыстанбековтің құрметіне мемориалды тақта орнатылады

20 қазан күні Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбековтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және Хайдар Арыстанбековтің жақындары мен туыстары қатысады. Тақта академик тұрған үйге қойылады.

Біздің анықтама:

Хайдар Арыстанбеков – 1919 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының агрономиялық факультетін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын қатардағы агроном болып бастап, министрлік қызметке дейін көтерілді. Әр жылдары мақта өндіру министрінің орынбасары, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.

Хайдар Арыстанбеков аграрлы ғылымның дамуына зор үлес қосты.

Хабарламаларға жазылу