iPhone пайдаланушылары Google үшін «фотосфера» түсіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

iPhone пайдаланушылары Google үшін «фотосфера» түсіре алады

21.08.2014
iPhone  пайдаланушылары   Google  үшін  «фотосфера»  түсіре  алады

«Фотосфера»  қызметін  (сфералық  көрініс)  Android  пайдаланушылары  біраз  уақыт   қолданып   келеді.  Алайда,  iOS- гаджет  иелері  шетте  қалған  болатын.  Google  осы   жағдайды  түзету  үшін  iPhone-ның   жеке  қосымшасын  жасауға  кірісті.

«Фотосфера» - айналаны  360-градустық  форматта  қарауға  болатын  функция.  Осындай  көріністерді  түсіру  Android-смартфоны  пайдаланушыларына  Android 4.2  шыққаннан  кейін  қолжетімді  болды. Айта  кетейік, бұл  функцияны  «Google Камера»   қосымшасы  бар  пайдаланушылар  ғана  қолдана  алады.

Сурет  түсіру  үшін  смартфонды  бір  нүктеде  ұстай  тұрып,  камерасын жан-жаққа  бағыттау  керек.  Кейін  суретті  Google Maps  жүйесіне  тіркеп,  достарымен  бөлісуге де  болады.

Хабарламаларға жазылу