Ғалымдар Google-дың көмегімен қаржылық дағдарысты болжауды үйренді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Google-дың көмегімен қаржылық дағдарысты болжауды үйренді

30.07.2014
Ғалымдар  Google-дың көмегімен қаржылық дағдарысты  болжауды үйренді

Ғалымдар  Google-дың көмегімен қаржылық дағарысты  болжауды үйренді.  Мұны Warwick Business School және Бостон университетінің ғалымдары зерттеп шыққан. Олар іздеу жүйесі арқылы биржалық қордағы қаржылық дағдарысты анықтауға септігін тигізетінін айтады.

Зерттеушілер қаржы нарығымен байланысы бар саяси және бизнес терминді сөздік ойлап тапқан. Сонан соң 2004-2012 жылдар аралығындағы қаржылық жағдай мен іздеу жүйесіндегі сұранымдар арасында байланыс орнату мақсатында Google Trends тобына хабарласқан.

Әлем бойынша соңғы жылдары саяси тақырыптар көп ізделген. Оның ішінде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім жоғары елдердің пайдаланушылары туралы ақпаратқа көп назар аударған.  Іздеушілерді сол елдің өткені емес, болашағы қызықтырған.

Сарапшылар бұл жүйенің экономикалық жағдайды болжау  үшін ғана емес, сондай-ақ, ірі қоғамдық-саяси оқиғаларды болжауға да мүмкіндік беретінін айтады. Мұндай қызметті бүгінде Google компаниясы және қытайлық  Baidu нұсқасы да қолдап келеді. Олар тұмау эпидемиясын анықтау мақсатында пайдалануда.

Хабарламаларға жазылу