Ресей Қырымға «Триумф» с-400 зениттік-зымырандық кешендерінің тағы бір дивизионын шоғырландырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қырымға «Триумф» с-400 зениттік-зымырандық кешендерінің тағы бір дивизионын шоғырландырды

30.11.2018

Ресми мәліметтерге сай, мұндай құрылғылар әуедегі 400 шақырым радиустағы нысандарды атып түсіре алады. Бұл аймақ Одесса, Николаев, Мариуполь және Украинаның Азов теңізіндегі Бердянск әскери-теңіз базасын қамтиды. Ал, Киев болса, Мәскеумен текетіресте НАТО-дан, нақтырақ Германиядан көмек сұрап отыр. Германия канцлері Ангела Меркель болса, Ресейді шиеленісті өршітті деп айыптап, тараптарды диалогқа шақырды. Азов теңізіндегі жағдай Керчь бұғазында ресейлік әскерилер Украинаның екі катеріне оқ атқаннан кейін ушықты. Мәскеу Киевті Украинада өтетін президенттік сайлау алдында арандатушылыққа барды деп айыптаса, Киев бұл үшін Кремльді кінәлап, бірқатар өңірде әскери жағдай енгізді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу